АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады. Блинкен АҚШ Қазақстанның стратегиялық серіктесі екенін атап өтті.
«Америка Құрама Штаттары Үкіметінің атынан Қазақстан халқын 25 қазанда атап өтетін Республика күнімен құттықтаймын. АҚШ пен Қазақстан арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестігінде көрсетілгендей Америка Құрама Штаттары Қазақстанның тәуелсіздігін, егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдайтыны жөніндегі ұстанымына берік күйінде қала береді», – деп жазылған хабарламада.
Мемлекеттік хатшы екіжақты қарым-қатынас одан әрі нығая түсетінін айтты. Экономикалық салаларды жандандыру назардан тыс қалмайды.
«Біз соңғы үш онжылдықтағы халықтарымыздың арасында қалыптасқан мызғымас достық пен ынтымақтастықты мақтан тұтамыз. Қазақстандағы е...