«Қазақстанның шағын және орта бизнесінің бизнес барометрі» (ШОБ ББ) кешенді зерттеуі аясында United Research Technologies Group (URTG) еліміздегі өндірістік және өндірістік емес салалардағы 500 шақты микро, шағын және орта бизнес өкілдері арасында тоқсан сайын сауалнама жүргізіп отырады. Бұл зерттеу аясындағы іріктеме республика халқының жалпы санына шаққандағы кәсіпкерлік субъектілерінің саны мен еліміздің жалпы ішкі өніміне олардың қосқан үлесін көрсететін аймақтық және салалық (сауда, өңдеуші және өндіруші өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс және қызмет көрсету саласы) квоталар мен бизнес көлемін ескере отырып жасалады.
ШОБ бизнес барометрі үш индекс тобынан құралған, атап айтсақ, біріншісі – іскерлік көңіл-күйдің композиттік индексі (ІКИ), өз кезегінде ол төрт...