Қазақстанда Changan, Haval, Chery, Geely, Exeed, КAIYI, KIA сынды көліктерді шығаратын бірнеше зауыт ашылады. Бұл жайлы Үкімет сағатында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты.
Министр өзі есебінде осы жылдың басынан бері, яғни 9 ай ішінде елде 82 мыңнан астам жеңіл автокөлік шығарылғанын айтты. Алдағы уақытта бұл көлемді ұлғайтып, оның ішінде отандық компоненттермен шығарылатын автокөліктер санын артыру көзделіп отыр.
Атап айтқанда, Алматыда мультибрендті зауыт ашылып, онда жылына 90 мың автокөлік шығарылатын болады. Бұл кәсіпорын 3600 адамды жұмыс орнымен қамтиды. Екіншісі, Қостанайда салынып жатқан KIA зауыты. Мұнда жылына 70 мың автомобиль шығарылып, 1500 адамды жұмыспен қамтиды. Бұл...