АҚШ-тың Филадельфия штатының прокуроры әлемдегі ең бай адамдардың бірі, миллиардер Илон Маскты сотқа берді. Сот Пенсильвания штатының заңнамасына сәйкес азаматтық іс қозғады.
Илон Маск пен оның Дональд Трампты қолдауға арналған America PAC ұйымы сайлау қарсаңында кейбір штаттарда күнделікті 1 миллион доллар таратқаны үшін айыпталып отыр.
DW ақпаратына сүйенсек, іс «заңсыз лотерея схемасына» қатысты болып отыр. Прокурор 5 қарашада президенттік сайлауға дейін күшіне енетін бұйрық беруді талап еткен.
Сонымен қатар прокурор America PAC сайлаушыларға үлкен ақша ұтып алу мүмкіндігімен қоса, жеке ақпаратпен бөлісуді ұсынатынын ескертіп отыр.
Илон Маск өзінің лотереясын қазан айының басында бастаған. America PAC ұйымы күн сайын Пенсильвания, Джорджия...