Түркияның Ыстанбұл қаласындағы Долмабахче кешенінде өтіп жатқан Украина мен Ресей делегаттарының келіссөзінде тараптар бір-бірімен аудармашы арқылы сөйлесіп жатқаны хабарланды.
CNN Украинада орыс тілі кең таралғанын атап өтіп, бұл фактіні олардың арасындағы жаулық деңгейінің қаншалықты екенін меңзейтінін жазған.
Бұған дейін осыдан үш жыл бұрын осы Ыстанбұлда өткен келіссөз орыс тілінде жүрген.
Келіссөзге Ресей президенті Владимир Путин де, Украина президенті Владимир Зеленский де қатысып жатқан жоқ.
Украина делегациясын қорғаныс министрі Рүстем Умеров, ал Ресей делегациясын Кремль көмекшісі Владимир Мединский бастап келген. Келіссөзге Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан төрағалық етуде.
Кездесудің басында сөз сөйлеген Түркияның СІМ басшысы бұл келіссөзді «техникалық сипаттағы келіссөз» деп атаған. Ол болашақта...