Интернет-алаяқтар Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің атынан ақша жымқыруға ұмтылып жатыр. Аватарына оның суретін қойып, жұртқа хабарласуға көшкен. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Gylym.news тобы ескерту жасады.
«Әріптестер, қазіргі уақытта алаяқтар адамдарды алдау үшін мессенджерлер арқылы белсенді әрекет етуде. Олар министрдің және министрліктің басқа да қызметкерлерінің атынан хабарламалар жіберуде. Егер сіз күмәнді нөмірлерден хабарлама алсаңыз, олардың алаяқтар екенін біліңіз – оларға жауап бермеңіз және нөмірлерді бұғаттаңыз. Сақ болыңыздар және мұндай айла-шарғыларға алданбаңыздар», – делінген хабарламада.
Интернет алаяқтардың белсенді әрекетке көшкенін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі де растап отыр...