Маңғыстаудағы сарбаз өлімі бойынша Бас әскери прокуратура мәлімдеме жариялады. Ресми хабар бойынша оқиға 7 қыркүйекте сағат 17:10 шамасында болған. Ақтау қаласындағы ҚР ҚМ әскери бөлімдерінің бірінің взвод командирі «Оймаша» полигонының аумағында ПМ табельдік тапаншасынан қатардағы жауынгерге оқ атқан. Сарбаз осыдан қайтыс болды.
«Сол күні Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы қасақана кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады (ҚК 99-бабының 1-бөлігі). Тергеу органы күдіктіні ҚПК-нің 128-бабы тәртібімен ұстады және Ақтау қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алды», – деп хабарлады әскери прокуратураның баспасөз қызметі.
Тергеу барысын Бас әскери прокуратура ерекше бақылауға алды. Қажетті кешенді тергеу амалдары...