Қыркүйектің 16-сы күні «Отау» және «Наурыз» ипотекасына қосымша өтінім қабылдау басталады. Өтінім қабылдау 25 қыркүйек күні аяқталады.
Бұл ипотекалық бағдарламаларға «Отбасы Банк» өзгеріс енгізбекші. Атап айтқанда, оператор «Отау» бағдарламасының шарттары мен «Наурыз» бағдарламасының шарттарын теңестірмекші.
Солайша банк бағдарлама шарттарына келесідей өзгерістер енгізбек:
Кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал топтары үшін «Отау» бағдарламасының мөлшерлемесі 9%-дан 7%-ға дейін төмендейді. «Отау» бағдарламасының қатысушылары өтініш берердің алдында депозит аша алады. Бұрын бағдарламаға өтініш беру үшін, алдын ала депозит ашып, 1,5 жыл бойы қаражат жинау талап етілетін. Несие сомасы артады. Астана қаласы үшін 36 млн, Алматы қаласы үшін 30 млн теңге. Бұрын...