Қазақстан Үкіметі дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізуге бюджеттен қанша қаржы жұмсағалы отыр? Бұл сұраққа Көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекция басшысының орынбасары Абылай Қондыбаев жауап берді.
Халықаралық дүбірлі доданы өткізуге жауаптылардың бірі Абылай Қондыбаевтың мәлімдеуінше, көшпенділер ойындарына бюджеттен 5,7 млрд теңге бөлінген.
«Шығынның негізгі бөлігі қатысушылардың жатын орны мен тамақтануына жұмсалады. 2 430 қатысушы келетінін еске сала кетейін. Біз 5-ші көшпенділер ойынын өткізгелі жатырмыз. Қалыптасқан дәстүр бар. Ұлттық спорт түрлерінен Қазақстан құрамасы Түркиядан өткен 4-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына да қатысқан. Ол жерде қабылдаушы тарап қатысушылардың барлық шығынын өз мойнына алады. Біз әрбір қатысушының жатын орны мен тамақтануына...