Мәжілісте тағы да ЛГБТ мәселесі көтерілді. Екі бірдей депутат Үкіметке ЛГБТ ұйымдардың жұмысын тексеріп, мұндай «азғындықты» насихаттауға заңмен тыйым салуды ұсынып, сауал жолдады.
TikTok-тағы белсенділік
Депутат Жанарбек Әшімжан соңғы жылдары ЛГБТ-ны насихаттайтын ұйымдардың белсенділік танытып жатқанын, әсіресе, TikTok сынды әлеуметтік желіде аталмыш мәселеге қатысты үгіттеу видеолары көбейіп кеткенін айтады.
«Олар TikTok, өзге де платформалар арқылы өскелең ұрпақты азғындыққа үгіттеуде. Аса жоғары технологиялық әдіс-айламен қаруланған мұндай қитұрқы үгіт-насихатқа әлі кәмелеттік жасқа толмаған, жақсы мен жаманды айыра білмейтін, бұғанасы бекімеген, рухани діңгегі қатпаған балалар мен жасөспірімдеріміз тез бой алдыратыны анық. Бұл әрекет БҰҰ-ның Балалар...