Жыл соңына дейін жаңа Бюджет кодексінің жобасы қабылданады. Бұл туралы Үкімет отырысында вице-премьер – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, жаңа кодекс негізінде мемлекеттік шығындарды бақылау мен шектеудің қатаң шаралары қолға алынбақ. Бюджет кірісін арттыру мақсатында салықтық әкімшілендіру, цифрландыруды жақсартылып, көлеңкелі экономиканың үлесі азайтылып, салық базасын ұлғайту және тиімсіз жеңілдіктерді оңтайландыру қарастырылған. Бұл нормалар 2025 жылдың жазында қабылданады деп жоспарланған жаңа Салық кодексінің жобасында нақтыланбақ.
Байбазаров жаңа бюджет кодексіне сәйкес, алдағы уақытта Ұлттық қордан бөлінетін нысаланы трансферттер өте маңызды жобаларға жұмсалатынын айтты.
«Ұлттық қор қаражатын стратегиялық мақсаттарға пайдалану үшін жаңа Бюджет кодексінде нысаналы...