Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік медициналық көмектің бірыңғай пакетін әзірлеуді ұсынды. Ал одан асып кеткен шығынның бәрі сақтандыру жүйесі арқылы төленетін болады.
Тоқаев биыл денсаулық сақтау саласына бюджеттен 3,3 трлн теңге қаржы бөлінгенімен, бұл қаржының нәтижесі көрінбейтінін айтты.
Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар арасында міндеттердің дұрыс бөлінбеуі бұрмаланған ақпараттың көбеюіне әкеп соқтырды. Науқастарға мемлекет кепілдік берген қызметтерді ақылы негізде алуды немесе бірнеше ай бойы кезек күтуді ұсыну жайттары аз емес. Бұған жол беруге болмайды,- деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауы барысында.
Президент бюджеттің мүмкіндігі мен міндеттемесін ескере отырып, мемлекет кепілдік беретін медициналық көмектің бірыңғай...