Ресейлік компания салатын Көкшетау, Семей және Өскемендегі жылу электр стансалары 2028 жылы пайдалануға беріледі. Бұл туралы елордада өткен брифинг барысында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты.
«2028 жылы барлық үш жоба аяқталады деп жоспарлап отырмыз. Бұл нысандарды салу, аяқтау және пайдалануға беруге арналған уақыт», – деді министр.
Оның айтуынша, Көкшетау жылу электр орталығының техникалық-экономикалық негіздемесі қорытынды сараптамадан өту кезеңінде.
«Биыл құрылған бірлескен кәсіпорындар жобалау – жобалық құжаттаманы әзірлеуге кіріседі. Сонымен қатар абаттандыру және құрылыс алаңын дайындау жұмыстары басталады. Құрылыс жұмыстары биыл басталады деп отырмыз», – деп толықтырды Энергетика министрлігі.
Сәтқалиевтің айтуынша...