28 наурызда Оңтүстік-Шығыс Азияда ірі жер сілкінісі болды. Оны Мьянма, Таиланд және Қытайдың оңтүстігіндегі тұрғындар сезді. Бангкок қаласында 30 қабаттық ғимарат құлады.
Дүмпу ошағы Мьянмада тіркелді. Алғашқы дүмпу магнитудасы 7,7 балл болды. Ол Сикайн қаласынан 16 км жерде, 10 км тереңдікте тіркелді.
Бірнеше минуттан соң жер тағы да сілкінді. Бұл жолы оның магнитудасы 6,9 балл болды.
Жер сілкінісі салдарынан Таиланд астанасында жаңадан салынып жатқан 30 қабаттық тұрғын үй құлап түсті. 300 жұмысшының тағдыры әзірге белгісіз. Мәліметтерге қарағанда, құрылыста кем дегенде бір адам қаза тапқан, тағы 43 адам із-түссіз жоғалған.
Билік елдегі әуежайлар жұмысын шектеп, Бангкокта төтенше жағдай жариялады. Халы...