2024 жылы жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталды.
Қаржы министрлігінің ақпаратына сүйенсек, 2024 жылы декларацияны 2,4 млн жеке тұлға табыстауы қажет. Жыл басынан бері олардың 46%-ы, 1,1 млн азамат декларация тапсырды.
Үшінші кезең декларанттары қатарына кіретіндер:
Заңды тұлға жетекшілері мен олардың жұбайлары; Жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары; 2023 жылы жұмысқа кіріп, 2024 жылғы 1 қаңтарда мемлекеттік мекеме, квазимемлекеттік секторда жұмыс істеп жатқандар мен олардың жұбайлары.Декларацияның 99,9%-ы электронды түрде табысталған. Атап айтқанда, салық төлеушінің кабинеті (cabinet.salyk.kz), «Электронды үкімет» порталы және «е-Salyq Azamat», «eGov mobile», Kaspi.kz, Halyk, Вcc.kz мобильді қосымшаларын пайдаланды.
Декларацияда не көрсету керек?
Декларацияны тапсырмас бұрын қызметін тоқтатқан не сенімсіз салық төлеушілер тізімінде...