25 наурыздан бастап Қазақстанда абоненттік құрылғыларды тіркеу ережелеріне енгізілген өзгерістер күшіне енді. Қандай телефондар бұғатталады? Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі түсіндірді.
Министрлік, бұл өзгерістер тек елге 25 наурыздан кейін әкелінген құрылғыларға ғана қатысты екенін ескертті. Албұған дейін Қазақстанда жұмыс істеп тұрған барлық мобильді телефон автоматты түрде «ақ тізімге» енгізіледі және ешқандай шектеусіз жұмысын жалғастыра береді.
«Жаңа талаптарға сәйкес, елге алғаш рет әкелінетін барлық мобильді құрылғылар міндетті түрде GSMA халықаралық деректер базасында, сондай-ақ мемлекеттік салық және кедендік жүйелерде верификациядан өтуі тиіс. Бұл құрылғының өндіруші мәлімдеген сипаттамаларға сәйкестігін, елге заңды жолмен әкелінгенін және растайтын құжаттарды...