Қазақстан мен Грузия банктері Ресейдің «Золотая Корона» төлем жүйесін тексеріп жатыр. Соған байланысты банктерде бұл төлем жүйесі арқылы аударым қабылдау қиындаған. Бұл жайлы Ресей басылымдары хабарлады.
Бірнеше күн қатарынан Грузия банктері бұл төлем жүйесі арқылы ақша аударымдарын үзіліспен жүргізген. Грузия банктері қауымдастығының басшысы Александр Дзнеладзе грузин банктернің бірнеше күн қатарынан шектеулі режимде жұмыс істеуіне банктерде жүргізілген тексеріс жұмыстары себеп болғанын айтқан.
«Банк және қаржы секторы «Золотая Корона» төлем жүйесінің халықаралық қауымдастық санкцияларына ұшыраған басқа тұлғалармен байланысын зерттеді. Зерттеу нәтижесінде «Золтая корона» төлем жүйесінің санкциялық тізімде тұрған адамдармен байланысы расталмағанын анықтадық. Жүйенің жұмысы толығымен...