Парижде Telegram негізін қалаушы Павел Дуровтың ұсталғаны қызу талқыға түсті. Дүние жүзіне танымал адамдар, белгілі қауымдастықтар оны жақтап, пікір жазып үлгерді. 26 тамызда Франция Президенті Эммануэль Макрон алғаш рет пікір білдіріп, Дуровтың ұсталуы саяси шешім емес екені жөнінде Х парақшасында жазба қалдырды.
Президент мұның төңірегіндегі алып-қашпа әңгімелерді өтірік ақпарат деп жариялады. Макрон Франция еркін пікір білдіру мен коммуникацияны, инновация мен кәсіпкерлікті қашанда қолдайтынын мәлімдеді. Бірақ шынайы өмірде және әлеуметтік желіде азаматтар құқы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету заң аясында іске асатынын ескертті.
«Францияда Telegram басшысын қамауға алу бұған дейін жүргізіліп келе жатқан сот тергеуі аясында қолға алынды...