«Жұрттан қалып қоятын болдым» деген үреймен әр нәрсенің басын шалатындар болады. Мұндай қорқынышты FOMO немесе fear of missing out деп атайды. FOMO синдромы кезінде адам басқалардың өмірі қызыққа толы, өз өмірі іш пыстыратындай сұрқай деп ойлайды. Айналасына қараса, бірі саяхаттап, енді бірі қымбат көлікті салоннан қолма-қол ақшаға алып, бірі алпауыт жобаларды іске асырып жатады. Ал өзі осының бәрінен тысқары қалғандай боп сезіледі. Бүгінгі материалымызда осы FOMO синдромы кімдерде және қалай пайда болады, онымен қалай күресеміз — осы туралы айтамыз.
FOMO синдромы деген не?
FOMO синдромы дегенде мұны бір ауыр психикалық-эмоциялық бұзылыс секілді естілуі мүмкін. Бірақ олай емес, алаңдамаңыз. Дегенмен...