«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының 2024 жылғы қаңтар-маусымдағы халықаралық қаржы есептілігінің стандарты бойынша таза пайдасы 283,244 млрд теңгені құрады. Бұл 2023 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 27% жоғары.
Есепке сүйенсек, өсім негізінен U3O8, яғни уран оксиді спот бағасының қымбаттауы нәтижесінде тіркелген. Сонымен қатар байытылған уран өнімін сатудан түскен кіріс те артқан.
«2024 жылдың бірінші жартыжылдығында «Үлбі-ТВС» ЖШС-нің отын жинақтарын өндіру қажеттілігіне және басқа да уран өнімдеріне сұраныстың артуына байланысты өсім тіркелді», – деп хабарлады «Қазатомөнеркәсіп».
Кәсіпорынның шоғырландырылған кірісі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13%-ға өсіп, 701,120 млрд теңгені құрады. Ал салық төлегенге дейінгі пайдасы – 29%-ға...