Алаяқтар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің атынан жалған аккаунт ашып, WhatsApp, Telegram мессенджерлерінде жалған ақпарат тарата бастаған. Бұл жайлы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мессенджерлерде (WhatsApp, Telegram және т.б.) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған аккаунттар құрған және жалған ақпарат тарататын алаяқтар туралы ескертеді»,- делінген баспасөз хабарламасында.
Агенттіктің хабарлауынша, алаяқтар Антикор символикасы бар арнайы жасалған құжаттардың файлдарын жібереді.
Осы орайда агенттік жалған ақпараттық таратуларға сенбеуді, күмәнді сілтемелерге өтпеуді, сондай-ақ қолма-қол ақша аудармау қажет екенін ескертеді.
Ал егер осындай қоңыраулар мен хабарламалар алған...