2022 жылдың ақпанынан бері есептегенде Қазақстанда тіркелген ресейлік компаниялар саны алғаш рет төмендей бастаған. Бұл туралы Бірінші кредиттік бюро хабарламасында жазылған.
«1 тамыздағы жағдай бойынша елімізде РФ меншік иелері бар 23 670 заңды тұлға және филиал тіркелген. Бұл ҚР СЖРА ҰСБ деректері бойынша 1 шілдедегі көрсеткіштен 13-ке аз», – делінген хабарламада.
Бюро ақпаратына сүйенсек, Украинада соғыс басталғалы бері ресейлік компаниялардың тіркеуі алғаш төмендеген. Соңғы рет компаниялар саны 2022 жылдың ақпан айында азайған.
Қазіргі таңда Қазақстанда тіркелген ресейлік компаниялар саны соғыс басталған 2022 жылдың ақпанына дейінгі көрсеткіштен екі есе көп. Олардың шамамен 80%-ы, яғни 19,3 мыңы ресми жұмыс істеп тұр. Дегенмен жұмыс...