АҚШ-тың Ұлттық барлау басқармасы, ФТБ және Киберқауіпсіздік жөніндегі агенттік бірлесе тергеу жүргізіп, «Иран Республикалық партияның үміткері Дональд Трамптың штабына жасалған кибершабуылға жауапты» деген ұйғарымға келіп отыр.
Барлау қызметтерінің мәлімдеуіне қарағанда, шабуылдың мақсаты — сайлау қарсаңында Америка қоғамының арасына жік түсіріп, ши жүгірту.
«Сайлау науқаны барысында Иранның агрессивті белсенділік танытқанын бақыладық. Америка қоғамына ықпал ету үшін президенттік сайлау науқанына бағытталған операциялар мен кибершабуылдар жасады», — делінген ФТБ-ның мәлімдемесінде.
АҚШ барлаушыларының дерегінше, Иран АҚШ-тағы президенттік сайлау науқанына тікелей қолжетімділігі бар адамдар туралы ақпарат алуға ұмтылған. Демократиялық партия атынан сайлауға түсіп жатқан Камала Харристің де штабы шабуылға...