Қазақстанның ғалымдары маймыл шешегіне қарсы вакцина шығаруға әзір. Денсаулық сақтау министрлігі, «Қазбиофарм» ұлттық холдингі және індеттерді зерттейтін бірнеше институт мәселе қозғап, қоздырушыларға қарсы ғылыми шешімдерді табуға әрекет етіп жатыр. Биологиялық қауіпсіздік проблемалары институты Денсаулық министрлігіне вакцина жасау мәселесі бойынша хат жазып, өз мүмкіндіктері туралы ақпарат хабар жолдаған.
Маймыл шешегі індеті туралы алғаш сөз бола бастаған кезде-ақ қазақстандық вирусологтар «мемлекеттен тапсырыс болса, мұның қолдан келетін іс» екенін айтқан.
«Маймыл шешегі індеті бүгін ғана шыққан нәрсе емес. Төрт-бес жылдан бері тарап келеді. Алдымен Африкадан Еуропаға келген. Қазір елу елге таралып үлгерді. Кәдімгі шешек ауруының қоздырушысына ұқсас. Бұл бұрын...