Таиландта еуропалық туристен маймыл шешегінің жаңа, аса қауіпті штамы анықталды. Бұл туралы Bloomberg хабарлады.
«Таиланд mpox вирусының жаңа мутацияланған штамы табылған Азиядағы бірінші ел», – деп жазды басылым.
Таиланд денсаулық сақтау министрлігінің пандемияны бақылау департаменті хабарлағандай, маймыл шешегінің Clade 1 мутацияланған түрі Бангкокқа өткен аптада Африкадан келген кавказдықтан анықталған. Ел билігі 66 жастағы науқастың 43 адаммен жақын байланыс орнатқанын анықтап, оларды бақылауға алды.
Таиланд билігі Азиядағы Mpox вирусының жаңа штамының алғашқы жағдайын растады.
Бұл ретте ел үкіметі mpox таралуын болдырмау үшін кешенді шаралар қабылдауды бастады. Бұдан былай 42 елден келген саяхатшылар тексеріліп...