18 тамызда Денсаулық сақтау министрлігі елде маймыл шешегінің бірде-бір жағдайы тіркелмегенін хабарлады. Есесіне, ведомство шекара өткелдері мен әуежайларда санитарлық талапты күшейтпек.
«Денсаулық сақтау министрлігі инфекцияны елге әкелудің алдын алу үшін қажетті шараларды қабылдады. Әуежайлар мен шекара өткелдерін қоса алғанда, санитариялық-карантиндік пункттерде бақылау шаралары күшейтілді. Маймыл шешегі тіркелген елдерден келген азаматтарға назар аударылады», – деп ескертті ДСМ.
Инфекцияның ықтимал таралуын болдырмау үшін министрлік эндемиялық елдерге сапар шегуді жоспарлап отырған азаматтарға мынадай сақтық шараларын сақтауды ұсынады:
1. Ауру адамдармен және жабайы жануарлармен байланыста болудан аулақ болыңыз. Вирус жұқтырған маймылдармен, егеуқұйрықтармен және басқа жануарлармен байланыста болуы мүмкін.
...