Жетісу облысында педофилия бойынша күдікке ілінген Amanat партиясының мүшесі 1 тамызда партиядан өз еркімен шығып кеткен.
«Жетісу облысындағы Amanat партиясы Ақсу аудандық филиалының бұрынғы басшысы С. Жақыпов осы жылы 1 тамызда өтініш беріп, өз еркімен жұмыстан босады», – делінген партия облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарламасында.
БАҚ беттерінде тараған ақпаратқа сүйенсек, Amanat партиясы Ақсу аудандық филиалының бұрынғы басшысы Серікхан Жақыпов «7 жасар ер баланы зорлаған» деген күдікке ілінген. Қазір ол тергеуге алынып қамауда отыр.
Ашық дереккөздеріндегі ақпаратқа сүйенсек, Жақыпов 2020 жылдың күзіне дейін Ақсу ауданы әкімінің аппаратын басқарған. 2021 жылы Ақсу ауданы бойынша мемлекеттік қызметкерлердің әдеп жөніндег...