Азия даму банкі жасыл ипотеканы дамыту үшін «Отбасы банкіне» 250 млн доллар бөлмек. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы алаңында өткен KASE Talks іс-шарасы барысында «Отбасы банк» басшысы Ләззат Ибрагимова айтты.
«Біз Қазақстанда бірінші болып «жасыл ипотекалық» өнімді дамытып жатырмыз. Біздің елде тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі өте өзекті. Сондықтан тұрғын үйде энергия үнемдеу мәселесі соңғы орында. Бұл туралы ешкім ойламайды. Сонымен қатар электр энергиясының тарифтері мемлекет тарапынан субсидияланады. Қазақстан да нарықтық негізде баға белгілеу тетіктеріне біртіндеп көшеді», – деген Ибрагимова құрылыс компанияларын үйлерінің энергия тиімділігіне назар аударуға шақырды.
Алайда ол энергия тиімділігі стандарттары өте қымбат екенін атап...