Мьянма билігінің хабарлауынша, 28 наурыздағы жер сілкінісінен 144 адам қаза тауып, 700-ден аса адам жараланды. Ауруханалар науқасқа толы. Көршілес Таиландта құтқару жұмыстары түнде де тоқтаған жоқ.
Мьянма әскери хунтасы көмек сұрайды
«Мен халықаралық қолдау сұрап, Үндістан мен AHA Center ұйымының көмегін қабылдадым», – деп мәлімдеді хунта басшысы Мин Аунг Хлайнг мемлекеттік MRTV телеарнасы таратқан үндеуде. Мәлімдемені Bloomberg жариялады.
АҚШ геология қызметінің мәліметінше, Оңтүстік-Шығыс Азиядағы осы елде жұма күнгі жер сілкінісінің магнитудасы 7,7 балл болған. Дүмпу ошағы елдің солтүстік-шығысындағы Сагайн қаласынан 16 км жерде тіркелген.
Бірнеше минуттан соң дәл осы маңда магнитудасы 6,4 балдық тағы бір жер сілкініс...