Қазақстанның бірқатар аймақтарында жаңбыр мен қар жауады. Сондықтан Ішкі істер министрлігі автокөлік жүргізушілеріне темір тұлпарды 1 желтоқсанға дейін қысқы маусымға дайындау қажеттігі туралы ескерткен болатын. Ал заңнамаға сәйкес қыс мезгіліне дейін көлік дөңгелегін ауыстырмайтын автокөлік иелеріне айыппұл салынады. Бұл ретте қысқы шинаны қалай таңдаған дұрыс? Оның қандай түрлері бар? «Курсив» тілшісі зерттеп көрді.
Жазғы шиналар мен қысқының айырмашылығы неде?
Жазғы дөңгелектер құрамы -5℃ температурада өз қасиеттерін айтарлықтай өзгертеді. Көлік жүргізу ғана емес, тіпті жай оталдыру немесе тежеу қиын болады. Осылайша күн суытқанда жаздық дөңгелектермен жүрудің өзі қауіпті. Сондықтан біздің елде дөңгелектерді ауыстыру қажеттілік. Өйткені бұл күн суытқанда, барлық жол қозғалысына қатысушыларды...