Футболдан 68-ші «Алтын доп» жүлдесін табыстау рәсімі 28 қазан күні Париждегі Шатле театрының алаңында өтеді. Бұл туралы UEFA.com хабарлады. Марапаттау рәсімі Қазақстан уақыты бойынша 23:00-де басталады.
UEFA мәліметінше, бұл шарада France Football және L’Équipe иелері – әлемнің үздік футболшысын, үздік жаттықтырушы, ең жас ойыншы, үздік қақпашы мен ең көп гол салған ойыншыны марапаттайды.
Сарапшылардың пікірінше «Алтын допқа» басты үміткерлердің бірі мадридтік «Реал» клубының ойыншысы Винисиус Жуниор. Сонымен қатар үміткерлер тізімінде «Манчестер Сити» клубының ойыншысы Родри, «Реал» ойыншысы Килиан Мбаппе, «Манчестер Сити» құрамындағы Эрлинг Холанд, «Реал» футболшысы Джуд Беллингем, «Бавария» ойыншысы Гарри Кейн және «Барселона» клубының жас ойыншысы Ламин Ямаль...