Өз басына бәле тілеп алып, ең қайғылы сценарий құруға құмар адамдардың типі болады. Оларды заманауи тілде «драма куин» немесе Drama queen деп атайды. Яғни мұндай адамдар үнемі трагедияға тап бола береді. Бір қызығы, ол әлгі ауыр жағдайды көбіне өзі ойдан шығарып, түймедейді түйедей еткен болады. Олай болса, драма куин деп кімдерді айтамыз, адам неге драмаға құмартады, ондай өмір салтының қандай зияны бар — осы туралы айтамыз.
Drama queen деп кімді айтады?
«Драма куин» деген сөзбе-сөз аударғанда «драма патшайымы» дегенді білдіреді. Яғни сау басына сақина тілеп, өмірін трагедияға толтыра беретін адам. Мәселен көз алдыңызға елестетіп көріңіз: Күз. Айналада екінің бір...