Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға келеді. Бұл жайлы Ақорда хабарлады.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9 қараша күні Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Астанаға ресми сапармен келеді. Сапар барысында екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылайды деп жоспарланып отыр», делінген хабарламада.
Бұдан бөлек, президенттер Қостанайда өтетін Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнебайланыс режимінде қатысатындығы айтылған.
Путиннің Қазақстанға келетіні туралы ерте көктемде айтылған. Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Мәскеуге ресми сапары барысында:
«Өзара іс-қимылдың қарқынды сипаты мен екі елдің мемлекет басшылары арасындағы...