Қазақстанда инфляция мен жұмыссыздық көрсеткіштері өскен. Еліміз жұмыссыздық пен инфляция жөнінен ЕАЭО елдерінің ішінде алдыңғы орында.
2023 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстанна басқа, одаққа кіретін елдердің барлығында жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген жұмыссыздар саны айтарлықтай азайған. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жұмыссыздар саны Қырғызстанда – 5,1%-ға, Арменияда – 13,7%-ға, Беларусьте – 26,2%-ға, Ресейде – 27,2%-ға азайған. Ал Қазақстанда бұл көрсеткіш, керісінше 14,1%-ға өскен.
ЖІӨ бойынша ЕАЭО-дағы ең жоғары көрсеткішке Армения мемлекеті жеткен. Бұл елде ЖІӨ – 10,5% құрады. Қазақстан +5,3% экономикалық өсіммен екінші орында тұрса, Қырғызстан +3,9% үшінші орында тұр. Ал Беларусьте ЖІӨ деңгейі сегіз айда 2%-ға ғана көтерілсе...