Мәжілістің жалпы отырысында Ұлттық қордан қаражат алуды тоқтату туралы ұсыныс айтылды. Бұл туралы Үкімет баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы шеңберінде ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов депутаттардың сауалдарына жауап бере отырып, таяу жылдарда ел экономикасын дамыту шаралары және Ұлттық қордан түсетін трансферттерді төмендету жөніндегі жоспарлар туралы айтты.
Үкімет басшысы 2024 жылы Ұлттық қордан бөлінетін нысаналы трансферттердің көлемі 1,6 трлн теңгені құрайтынын атап өтті.
«Аталған қаражат әлеуметтік маңызы бар және стратегиялық инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға бағытталады», — деді Әлихан Смайылов.
Сонымен қатар ол алдағы жылдары мемлекеттік бюджет кірісінің өсуіне байланысты нысаналы трансферттер көлемі азаятынын айтты.