Қазақстанда «Қаскелең» тау шаңғысы курорты мен Silk Road Express турпоезды пайда болады. Бұл жайлы ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев айтты.
Биылғы 9 айда елімізде туризмге 404,8 млрд теңге инвестиция тартылған. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 44% пайызға артық. Өңірлер бөлінісінде ең көп өсім Солтүстік Қазақстан (+698%) өңірінде байқалған. Одан кейінгі орында Павлодар (+414%), Ақтөбе (+351%) және Алматы (+341%) облыстары тұр. Ал теріс динамика 5 өңірде тіркелген. Олар – Ұлытау облысы (15%), Маңғыстау облысы (53%), Жамбыл облысы (64%), Қызылорда облысы (67%), Атырау облысы (68%).
«Инвестициялар бойынша жылдық жоспарға қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында барлы...