Қазақстан діни қызметті реттеу саласындағы заңға қатаң өзгерістер енгізуге 2018 жылы дайын болған. Алайда АҚШ мемлекеттік департаментінің баяндамасынан кейін 2 жыл дайындалған жобадан бас тартып, парламенттен қайтарып алған. Бұл туралы мәжіліс депутаттарының сауалына жауабында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Смағұлов жазды.
Ермек Смағұлов мәжіліс депутаттары жолдаған «Теріс діни ағымдарға және діни қызмет саласындағы заңнаманы жетілдіруге қатысты» сауалға жауабында аталмыш заң жобасы 7 жыл бұрын мемлекеттік талқылауға шығып, кейін АҚШ санкциялары қаупі болғандықтан, жұмыс тоқтатылғанын айта кетті.
«Бұл мәселе 2016 жылғы Ақтөбе мен Алматыдағы белгілі террористік актілерді тергеу нәтижелерін ескере отырып, 2017 жылы ерекше өзектілікке ие...