Израиль әуе күштері Газа секторының солтүстігінде орналасқан Джабалия босқындар лагеріне бомба тастап, салдарынан кемінде 47 адам қаза тапты деп хабарлайды ВВС. Палестина Қызыл Крест өкілдері үйінді астынан 25 бейбіт тұрғынның денесін тапқанын растады.
Ал Газа Денсаулық сақтау министрлігі қаза тапқандар саны 50-ге жеткенін, ал жараланғандар саны 150 адам екенін хабарлады.
Израиль армиясы бұл соққыдан 50 бейбіт тұрғынмен қоса, ХАМАС-тың жоғары шенді қолбасшысы қаза тапқанын, сонымен бірге «терроризмнің жерасты инфрақұрылымы» жойылғанын мәлімдеді.
Тығыз орналасқан үйлердің үстінен түскен авиабомба салдарына бірнеше ғимарат үйіндіге айналған.
«Олар жай үйлерінде болған. Сол кезде үстінен бомба түсті. Қаза тапқандар...