Фото: kursiv.media
Былтырдан бері несие жүктемесінің шамадан тыс артып кеткені туралы жиі сөз бола бастады. Жеке тұлға банкроттығы, оның алдындағы халықтың несиесін кешіру, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін азайту секілді бастамалардың барлығы дерлік осынау ауыр жүкті жеңілдету жолындағы қадамдар еді. Өткен аптада мәжілісте осы мәселе кеңінен талқыланып, арнайы тыңдау өткізілді.
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың айтуынша, несие алу процедурасының жеңілдігі және қолжетімділігі осындай ауыр салдарға әкеп соқтырып отыр.
«Қазір онлайн несиені тіпті 14-16 жастағы жасөспірімдер де рәсімдей алады. Ол үшін тек смартфон мен интернет болса жеткілікті. Мұндай жаста қаржылық жауапкершілік арқалау қажет пе? Нәтижесінде, ертеңгі күні сол кредитт...