Қазақстаның Ұлттық банкі қазан айында Ұлттық қор қаржысына «ҚазМұнайГаз» АҚ акциялары сатып алынғанын хабарлады. Валюта нарығы туралы ақпараттық хабарламада өткен айда республикалық бюджетке трансферт бөлу және ҚМГ акцияларын сатып алу үшін Ұлттық қордан 1,5 млрд АҚШ доллары сатылғаны жазылған. Алайда соның ішінде қанша қаржы ҚМГ акцияларын сатып алуға жұмсалғаны нақтыланбаған.
«Ұлттық қордан республикалық бюджетке тікелей трансферт қамтамасыз ету және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ акцияларын сатып алу үшін $1 512 миллион валюта сатылды», -делінген хабарламада.
2022 жылдың желтоқсан айында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын өзгеріс енгізілген. Бұл өзгеріс «Самұрық-Қазынаға» Ұлтты...