Костенко атындағы Қарағанды шахтасында жазатайым оқиға салдарынан зардап шеккендер Х. Ж. Мақажанов атындағы облыстық клиникаға және басқа да медициналық мекемелерге жедел жеткізілді. Дайындалған дәрігерлер бригадалары жағдайларының ауырлығына қарай келіп түскен кеншілерді уақтылы емдеуді бастады. Бұл туралы Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Қарағанды, Абай және Шахтинск стационарларының қабылдау-диагностикалық бөлімшелеріне барлығы 28 адам жеткізілді. Оның ішінде зардап шеккен 24 кенші ауруханаға жатқызылды:
– 20 кенші жеңіл және орташа ауырлықтағы улы газдан улану диагнозымен Х. Ж. Мақажанов атындағы ШЖҚ КМК токсикология бөлімшесіне емдеуге жатқызылды. Науқастардың жағдайы тұрақты, детоксикация және симптоматикалық емдеу жүргізілуде;
– бір пациент бірнеше жарақаттармен «Профессор Х. Ж...