ҚМГ мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту нәтижесінде дизель отыны мен бензиннің экологиялық сапасын Еуро-4 және Еуро-5 деңгейіне дейін көтерген. Бұл жайлы ҚМГ-ның баспасөз қызметі хабарлады.
Мұндай нәтижеге еліміздегі үш мұнай зауытын модернизациялау арқылы қол жеткізген. 2011-2018 жылдар аралығында ҚазМұнайГаздың Атырау, Павлодар және Шымкенттегі мұнай өңдеу зауыттарының технологиялық жабдықтары жаңартылып, шығарылатын отандық дизель және бензин отындарының экологиялық тазалығын Еуро-4 және Еуро-5 деңгейіне дейін жақсартуға мүмкіндік туған.
Нәтижесінде отандық МӨЗ шығарған отынмен жүретін автокөлік газдарындағы зиянды қоспалардың мөлшері едәуір төмендеген. Атап айтқанда️, күкірт – 10 есе, ️бензол – 5 есе, ️аром көмірінің көлемі -1,5 есе азайған.
2019 жылы ҚМГ компаниялар тобында...