Фото: parlam.kz
Сенатор Нұртөре Жүсіп «Қазақстан халқына» қоры мен мемлекетке қайтарылатын активтерден түскен қаржыны креативті экономикаға жұмсауды ұсынды. Креативті экономика аясында ұлттық құндылықтарды дамытуға бағытталған жобалар жүзеге асырылуы тиіс. Сенатор депутаттық сауалын Үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа жолдады.
Депутаттың айтуынша, ұлттық құндылықтарды ілгерілету мақатында Сенатта соңғы екі жылда, 2 парламенттік тыңдау, 3 дөңгелек үстел, 3 кездесу, 3 комитеттің кеңейтілген отырысы өткізіліп, 10 депутаттық сауал жолданған.
«Алайда, Үкімет Сенаттың ұсынымдарына тек бірыңғай сырғытпа жауап беріп келеді. Берілген ұсынымдар ескеріле бермейді. Сонда біз бұл мәселелерді қашанғы сөз ете береміз? Мәселен, «Интернет желілерде және еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарында...