2023 жылғы 1 қарашадан бастап Қазақстан-Ресей шекарасында «Бидайық» автомобиль өткізу пунктінде электрондық кезек жүйесін енгізу бойынша пилоттық жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
Ақпаратқа сәйкес, электрондық кезекті брондау жүйесі Қазақстанның Қытаймен, Өзбекстанмен, Түркіменстанмен шекарасында іске асырылғанын және оң нәтижелерді көрсетіп отыр.
«Электрондық кезек жүйесін мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Ақпараттық-есепке алу орталығы» АҚ «CarGoRuqsat» онлайн брондау сервисінің отандық әзірлеушілер мен мамандар құрды және қызмет көрсетеді.
Сервис Qoldau.kz цифрлық платформа базасында іске асырылды және тегін.
«CarGoRuqsat» электрондық кезек жүйесінің міндеті тасымалдаушыларға кезекті алдын ала брондау және ақпараттық жүйелерде қажетт...