ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі кредиттің ең жоғары сомасына заңнамалық деңгейде шектеу енгізуді ұсынды. Парламентте агенттік басшысы Мәдина Әбілқасымова халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту мәселесін көтерді.
Әбілқасымова азаматтардың борыш жүктемесінің шамадан тыс өсуін шектеу және тұтынушылық кредит берудегі тәуекелдерді барынша азайту үшін агенттік кешенді іс-шараларды жүзеге асырып жатқанын айтты.
«Бірінші кезекте басымдық – банктер мен микроқаржы ұйымдары тарапынан тұтынушылық кредиттерді шамадан тыс беруді шектеу мәселесіне беріледі. Кепілсіз тұтынушылық кредиттер бойынша орташа борыш жыл басынан бері 913 мың теңгеден 1 млн теңгеге дейін өсті. Тұтынушылық кредиттердің шамадан тыс өсуін азайту үшін Агенттік тұтынушылық кредиттің ең жоғары сомасына заңнамалық деңгейде шектеу енгізуд...