Осы жылдың 9 айында Қазақстанда 15 мыңнан астам интернет-алаяқтық тіркелді. Оның ішінде-үш мыңнан астам қылмыс банк қызметкерлерінің атынан жасалған. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі хабарлады.
Қазақстандықтарды жиі қалай алдайды
Алаяқтықтың ең көп тараған тәсілі интернет-сауда болып қала береді. Белгілі сауда алаңдарының сайттарында, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде (Instagram, Telegram, WhatsApp) хабарландырулар орналастырылады. Биыл осындай 6,8 мыңға жуық қылмыс тіркелді.
Алаяқтар белгілі сайттарда ((ОЛХ, Колеса, Крыша ) және әлеуметтік желілерде жарнамалар орналастырады. Олар тауардың немесе қызметтің төмен бағаларын көрсетеді және алдын-ала төлемді немесе толық төлемді сұрайды.
Алаяқтар тағы қандай схемаларды қолданады
Ақшаны көбейту схемалары
Алаяқтар азаматтарды ірі компаниялардың, соны...