Қазақ тіліне аударылған америкалық Disney компаниясының «Ойжұмбақ – 2» мультфильмі 125 млн теңге касса жинады. Бұл туралы Disney компаниясының аймақтағы дистрибьюторы Meloman компаниясы хабарлады.
«Қазақстанда «Ойжұмбақ – 2» мультфильмі 125 млн теңге касса жинаған. Бұл – Қазақстанда қазақ тіліне аударылған анимациялық фильмдердің ішінде рекорд», – деп жазылған Meloman хабарламасында.
Орыс тіліндегі «Головоломка – 2» мультфильмінен Қазақстанда 1,35 млрд теңге түскен. Елімізде мультфильмді екі тілде 900 мыңнан аса адам тамашалаған.
Жалпы «Ойжұмбақ – 2» мультфильмі Орталық Азияда және Кавказда 4,5 млн доллар (2,08 млрд теңге) жинаған. Осылайша анимация аймақта тағы бір рекорд орнатты.
«Ойжұмбақ» мультфильмінің қазақша нұсқасы бастапқы қаралым бойынша үздік нәтиже көрсеткен...