Иран кәсіпкерлері Қазақстанға жерасты суларын пайдаланатын заманауи суару жүйелерін, сондай-ақ суды өсімдік тамырына тікелей жеткізетін тамшылатып суару автоматты қондырғыларын ұсынуға дайын. Бұл турады Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады.
Министр Нұржан Нұржігітов Иранның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әли Акбар Джоукармен кездесіп, егіс алқаптарын суаруға су шығынын азайту мәселесін талқылаған.
Осы технологиялардың нәтижесінде Иран күріш өсіруге жұмсалатын су шығынын едәуір азайтып, өнімділікті арттырған.
«Бүгінде біз су қоймалары мен басқа да су шаруашылығы құрылыстарын салу және реконструкциялау бойынша ауқымды жұмысты бастадық. Иран компанияларының осы бағытта үлкен тәжірибесі бар, тиімді технологияларды дамытуда. Олардың кейбірі елімізде жұмыс істеуде...