Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға ресми сапары аясында жалпы құны 16,54 миллиард доллар болатын 30 коммерциялық құжатқа, соның ішінде инвестициялық, сауда келісімдеріне, өндіріс технологиясын беру, кредит желісін ашу және тағы да басқа бағыттарды қамтитын келісімшарттарға қол қойылды.
Ақорданың хабарлауынша, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен SINOPEC арасында, «Қазпошта» АҚ мен YTO Express Group арасындағы ынтымақтастық туралы келісім сынды бірқатар құжаттарға қол қойылған. Атап айтқанда:
Президенттің қатысуымен мынадай құжаттарға қол қойылды:
1. Терефтал қышқылын/полиэтилентерефталат өндіру жобасының алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жөнінде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен SINOPEC арасындағы келісім;
2. «CASPI BITUM» БК» ЖШС зауытының мұнай өңдеу қуатын жылына...