Қазақстанда соңғы уақытта орман өртінің жиілеп кетуіне ескі техника себеп. Бұл жайлы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтты. Министрдің айтуынша өрт сөндіруде орманшылар 1971 жылғы техниканы қолданады.
«Биылғы жазда Семей орманында алапат өрт орын алғанын баршаңыз білесіздер. Орман саласының 15 қызметкері тілсіз жаудың құрбаны болды. Үлкен алқапта болған өрттің бірден бір себебі табиғатты қорғау және орман шаруашылығы мекемелерін техникамен қамтамасыз етудің төмен деңгейі, атап айтқанда 70% деңгейінде ғана қамтамасыз етілген. Ал қолданыстағы техниканың 60%-дан астамы есептен шығаруға жатады. Мысалы, Семей орманында 65 өрт сөндіру машинасының 30 машинасы 1971-2003 жылдар аралығында...